Фабио Каннаваро Өзбекстан туралы: «Ең үлкен минус – ауаның қатты ластануы»

Фабио Каннаваро Өзбекстан туралы: Ең үлкен минус – ауаның қатты ластануы

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро елдегі өмір мен жұмыс жайлы әсерлерімен бөлісіп, елдің артықшылықтарын да, шешімін қажет ететін мәселелерін де атап өтті.

Италиялық маманның айтуынша, ол мен штабы Ташкентке тез үйреніп кеткен:

«Біз Ташкентте тұрамыз. Бұл — дамып келе жатқан халықаралық қала, ескі бөлімі де, жаңа заманауи аудандары да бар. Мұндағы адамдар өте мейірімді, ашық-жарқын. Біз жақсы бейімделдік».

Каннаваро сондай-ақ Самарқандқа барып, қаланың ерекше әсер қалдырғанын айтты:

«Самарқанд — тарихы мен мәдениеті терең, таңғажайып қала».

Дегенмен бапкер елдегі ең күрделі мәселелердің бірін жасырмады:

«Қазіргі басты минус — ауаның ластануы. Ол өте жоғары деңгейде».

Соған қарамастан, Каннаваро футбол федерациясы жасаған жағдайға жоғары баға берді:

«Жұмыс жағдайларына өте ризамыз. Федерация бізге жаңа, заманауи спорт орталығын ұсынып отыр — мүмкіндіктер керемет».

Италиялық бапкер алда тұрған маңызды матчтарға дайындықты жалғастырып жатыр. Оның пікірінше, экологиялық қиындықтарға қарамастан, Өзбекстан өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы ел ретінде жақсы әсер қалдырып отыр.

Марат Мажитов

Автор материала

Поделиться: