«Ақтөбе» клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев «Футбол Жолы» YouTube-арнасына сұхбат беріп, футболдан бөлек өзінің тұлғасы, түбі, тілі және ортасы жайлы айтты.
Көптеген жанкүйерлер Артурдың қазақ тілінде сұхбат бергеніне таң қалды. Алайда футболшы үшін бұл қалыпты жағдай екен:
— Көпшілік білмейді, менің анам — қазақ. мен ауылда өстімін, қазақ тілі — менің ана тілім. Әр қазақстандық өз ана тілін білуі керек деп есептеймін, — деді ол.
Журналистер Артурдың үлкен футболға дейін қазақша ғана сөйлегенін атап өтті. Алайда ол бұл пікірді нақтылап өтті:
— Жоқ, олай емес қой. Тек мен көп сөйлеуді, босқа әңгіме айтуды ұнатпаймын. Жас кезімде де үндемей жүретінмін: өз жұмысымды істедім, жаттығу жасадым, отбасыммен және достарыммен уақыт өткіздім.
Футболшы өз мінезін сипаттай келе, қақтығыстардан аулақ екенін айтты:
— Қақтығысатын адам емеспін. Өзіме жақынмын, бірақ қажет болса, жігіттермен әзілдесемін. Маған да қалжың айтса, күлемін. Ал конфликт — ол мен туралы емес.
Артур туған қаласындағы футболшылармен әлі күнге дейін байланыста екенін атап өтті:
— Маусым аяқталған соң ата-анама, Таразға барамын. Достарыммен жиналып, ойнаймыз. Қалада футболға қызығушылық бар, 3-4 команда жиналады. Бәрімен хабарласып тұрамыз.
Толық сұхбатты «Футбол Жолы» YouTube-арнасынан көре аласыздар. Онда Артур Шушеначев Израильдегі, ФНЛ-дегі кезеңдері, алған жарақаттары және Қазақстан құрамасындағы болашағы туралы әңгімелеп берді.
Olimpbet запустил Арену прогнозов. Это мини-приложение в Telegram, где пользователи предсказывают исходы спортивных событий (победа, ничья, поражение) и получают награды. Ставки совершать не надо, а призы реальные и ценные — убедитесь сами.
У нас стартовал новый турнир - «Вызов чемпионов». Сроки: 2–13 октября.