Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының ширек финалында: 10 желтоқсанда кімдер жекпе-жекке шығады және қайдан көруге болады

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының ширек финалында: 10 желтоқсанда кімдер рингке шығады және жекпе-жектерді қайдан көруге болады

Дубайда IBA ұйымының қолдауымен өтіп жатқан 2025 жылғы әуесқой бокс бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыстың шешуші кезеңіне қадам басты. Ұлттық командадан бірден он боксшы ширек финалға жолдама алып, 10 желтоқсанда жартылай финалға шығу үшін рингке көтеріледі. Бұл кезеңге өткен әр спортшы кем дегенде қола медальға ие болатыны белгілі.

🇰🇿 Қазақстан құрамасының ширек финалға өткен ондығы:

  • Теміртас Жүсіпов (48 кг)
  • Даниял Сабит (51 кг)
  • Сәкен Бибосынов (54 кг)
  • Оразбек Асылқұлов (57 кг)
  • Серік Теміржанов (60 кг)
  • Ертұған Зейнуллинов (63,5 кг)
  • Санатәлі Төлтаев (67 кг)
  • Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг)
  • Нұрлан Сапарбай (92+ кг)

Жекпе-жектерді қайдан көруге болады?

Барлық ширек финалдық кездесулер IBA Boxing ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан боксшыларының жекпе-жек кестесі (Астана уақытымен)

18:15, Ринг A (48 кг) — Теміртас Жүсіпов vs Лал Прасад Упрети (Непал)
18:45, Ринг B (54 кг) — Сәкен Бибосынов vs Мвенго Мвале (Замбия)
19:00, Ринг B (60 кг) — Серік Теміржанов vs Акмал Убайдов (Тәжікстан)
19:30, Ринг A (67 кг) — Санатәлі Төлтаев vs Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
20:15, Ринг A (75 кг) — Сабыржан Аққалықов vs Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)
21:15, Ринг A (92+ кг) — Нұрлан Сапарбай vs Давит Чалоян (Армения)
22:15, Ринг B (51 кг) — Даниял Сабит vs Патрик Чиньемба (Замбия)
22:30, Ринг A (57 кг) — Оразбек Асылқұлов vs Карлос Мартинес Бернад (Испания)
23:15, Ринг B (63,5 кг) — Ертұған Зейнуллинов vs Ахмад Штиви (Израиль)
23:45, Ринг B (71 кг) — Абылайхан Жүсіпов vs Сархан Алиев (Әзербайжан)

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сатжанов ширек финалдағы қарсыластар деңгейінің айтарлықтай күшейгенін атап өтіп, алдағы жекпе-жектерде абсолютті зейін мен дайындық қажет болатынын жеткізді.

Марат Мажитов

Автор материала

Поделиться: